Түркістан
EN

«Дикий Арманның» сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды

54
11.07.2025

 «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды. Күдікті 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматыда "Дикий Арманның" бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан. Осы үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына кесілуі мүмкін.  Үш жылдан бері халықаралық іздеуде болған ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында жатыр.