100-ге жуық адамды алдаған қаржы пирамидасына қатысты сот аяқталды

25
10.07.2025 20:14

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «LiveGood» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады. Компания дәрі-дәрмек пен биологиялық белсенді қоспа сату арқылы қомақты табыс табуға уәде еткен. Оған 100-ге жуық адам алданған. Жаңа адам тарту жарнасы – 50 АҚШ долларды құраған. Күдікті салымшылардың ақшасын криптобиржа арқылы туыстарының шотына аударып отырған. Түскен қаражатқа Ақтаудан екі пәтер мен Lexus көлігін алған. Жалпы шығын көлемі мен күдіктінің мән-жайын қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі мәлімдеді.