Түркістан
EN

Ресей банктерінің SWIFT-тен ажырауының Қазақстанға әсері бар ма?

138
02.03.2022

Ресей банктерінің SWIFT-ке кіру рұқсатын бұғаттау Қазақстанға әсер етпейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, аталмыш өзгеріс елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді. Қазір ақша аударымдарын жүргізу жөніндегі барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. SWIFT жүйесінен ажыратылған Ресей банктерінің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысуларды жүргізудің балама тетіктері дайындалған. Осыған орай  Ұлттық Банк нарықтарды қадағалап, жағдай бұдан әрі нашарлаған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдауын жалғастыратынын айтты.