Түркістан
EN

Туризм саласына жан бітеді

42
10.07.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туристік салаға қатысты тапсырмаларын іске асыру барысын талқылаған кеңес өткізді. Жиында Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздің туристік аймақтарындағы ахуал мен Алакөл жағалауындағы жағдай туралы баяндады. Премьер-министр өңір әкімдері мен тиісті министрліктерге туристік инфрақұрылымды дамыту, сервис пен қауіпсіздікті күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, кеңесте Алматы тау кластерін дамыту жобасы қаралды. Ол аса маңызды инвестициялық бастамалардың бірі саналады. Инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық мониторинг, инклюзивтілік және орнықты даму қағидаттарын енгізу көзделген.