Түркістан облысында жаңа өндіріс орындары ашылады. Мәселен көпұзамай Сауран ауданында кептірілген жемістерді өндіру жобасы іске асады. ол үшін қазір 30 тоннаға жуық кептірілген жүзім Түркістан қаласына жеткізілген. Одан бөлек, жауаптылар өңірде битум өндіретін зауыт пен битум қоймасын салу жұмыстары да қолға алынғанын айтады. Бұл туралы Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында сөз болды. Сондай-ақ, инвестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа жобаларды іске асыру барысы талқыланып, түйіткілді мәселелерді шешу жолдары қаралды.