Қазақстан аумағында ғасырлар бойы аңызға айналған, халық құрметіне ие болған киелі ағаштар көп. Олар тек табиғи ескерткіш қана емес, ұрпақ жадына сіңген тарих пен рухани мұраның көрінісі. Осы тұрғыда cәулетші әрі зерттеуші Теміртас Ысқақов Түркістан, Жетісу, Жамбыл өңірлерін аралап, жергілікті халықтың аңыздары мен ұжымдық жадында сақталған киелі ағаштар туралы деректер жинаған. Нәтижесінде «Monumental Trees of Kazakhstan» жобасын қолға алуда. Ондағы мақсат – киелі ағаштарды картаға түсіріп, олардың тарихын құжаттау арқылы болашақ ұрпаққа сақтау.