Президент су шаруашылығы қызметкерлерін марапаттады

13
09.07.2025 20:18

Мемлекет басшысы бүгін су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Астана төрінде өткен жиында Президент су үнемдеу мен цифрландыруға ерекше мән беріліп отырғанын айтты. Расында бүгінде еліміз бойынша 500-ге жуық ауыл ауыз суға зәру. Осыған орай су тазарту, үнемдеу және жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық өзендерді басқару бойынша көршілес елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру қажеттігін алға тартты. Сондықтан аталаған салада жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге алғыс білдіріп, бірқатар маманды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Өткен жылы бекітілген «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы да осы салтанатты жиында табыс етілді.