Anonymous хакерлер тобы Ресейге "кибер соғыс" жариялады. Мәлімдемеде хакерлік соғыс наурыз айының 3-не басталады деп айтылған. Халықаралық хакерлер тобы Ресейдегі барлық банк шоттарын тонап, Украинаға көмек ретінде жібереміз деп отыр. Анонимус бұл шабуыл бұған дейінгілерден де жойқын болады деп уәде етіп отыр. Ресейлік хакерлер болса, оларға жауап ретінде қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыруға көшті.