Отбасын қолдау орталықтары 4000-нан астам түрлі қызмет көрсеткен

14
09.07.2025 20:16

Түркістан облысындағы отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 5 мыңға жуық өтініш түскен. Нәтижесінде тұрғындарға  4033 түрлі қызмет көрсетіліпті. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиында өңір басшысы жауапты тұлғаларға жұмысты жандандыру бойынша тапсырмалар міндеттеді.