12 ауылға су беріледі

16
09.07.2025 20:15

ҚР Парламенті Сенаты депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатвалдиев Түркістан облысы Төлеби ауданындағы бірқатар өндіріс орындарын аралады. Солардың бірі - «QazaqBitum Processing» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын жылына 216 мың тонна полимерлі битум өндіруді жолға қойған. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. Сондай-ақ халық қалаулылары Қарақуыс су қоймасы мен «Қазығұрт бақтары» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қызметімен де танысты. Құны 1,65 млрд теңге болатын қарқынды бақта алманың төрт сұрпы өсіріледі. Онда тәулігіне 1 тонна табиғи шырын өндірілетін цех іске қосылмақ. 500 тонналық қойма құрылысы аяқталуға таяу.