Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласында мақта кластері мықтап қолға алынды. Биыл шардаралық шаруалар Қытайдан әкелінген шитті мақта тұқымын егуге бет бұрды. Достық ауыл округіндегі «Аятолла» шаруа қожалығы 17 гектар жерге қытайлық 0679 санды сұрыпты шит мақта егіп, тәжірибе жүргізуде.