Түркістанда «Үздік жұмысшы маман» облыстық байқауы өтіп жатыр. Шара «Кәсіподақ және жұмысшы мамандық» жобасы аясында кітапхана саласы бойынша ұйымдастырылған. Сайысқа аймақтың түкпір-түкпірінен 14 кітапхана маманы қатысып, 3 кезең бойынша өзара бақтарын сынауда. Кіл мықтыдан кіл мықтыны арнайы жасақталған әділ-қазылар мүшесі анықтап, жеңімпаздарға қомақты жүлделер табысталмақ.