Түркістанда туризм саласының мамандары үшін арнайы дайындық курсы өтті. Екі аптаға созылған бағдарлама аясында қатысушыларға кәсіби экскурсия жүргізудің әдіс-тәсілдері, тарихи-мәдени орындар туралы терең ақпараттар мен туристермен жұмыс істеудің стандарттары үйретілді. Курстың соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.