Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл құны 20 млрдты құрайтын 13 жоба жолға қойылған. Соның бірі, Бадам ауылында орналасқан индустриалды аймақта іске асып жатыр. «Алюминиум зауытындағы» жобаның жалпы құны 4,4 млрд. Мұнда 200ге жуық жұмыс орны бар. Бүгінде қызметкерлерді жұмысқа үйрету процесі басталып кетті. Жоба осы айда толық іске қосылады.