Түркістан
EN

Қылмыстық топ әшкереленді

50
08.07.2025

Шымкентте қарақшылық пен бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді.  Полиция департаментінің мәліметінше, топ мүшелері тонау, қарақшылық шабуыл және қарыз мәселелерін күшпен шешуге ұмтылған. Тергеу барысында топты ұйымдастырушы сенімді серіктерімен бірге жоспарлы түрде ірі көлемдегі ақша сақталуы мүмкін нысандарды анықтап отырған. Сонымен қатар қаладағы түнгі клубтардың бірін бақылауға алып, “қорғау” үшін ай сайын 2,5 миллион теңгеге дейін заңсыз ақша алып отырған. Жедел іс-шара барысында топ жетекшісі мен оның сыбайласы қолға түсіп, қамауға алынды. Тінту кезінде олардың мекенжайынан қару мен оқ-дәрілер табылды.