Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компания басшысымен кездесіп, мата өндіру мен киім тігу саласында инвестициялық жобаны талқылады. Әкім өңірде мақта өңдеудің толық цикліне негізделген жобалар іске асып жатқанын, жаңа бастамаларды қолдауға дайын екенін айтты. Жоба аясында Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағынан 20 гектар жер бөлініп, үш кезеңнен тұратын өндіріс іске қосылмақ. Алдымен роторлық, кейін сақиналы иіру өндірісі, үшінші кезеңде джинсы мата шығару жолға қойылады. Компания өкілі Түркістанды кездейсоқ таңдамаса керек, киім-кешек тігетін зауыт салуды да жоспарлап отыр екен. Биыл салынып басталған нысан келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Өнімнің 100 пайыз жергілікті шикізаттан өндіріліп, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне – Орталық Азия, Ресей және Еуропа нарығына экспортталмақ.