Түркістан өңірінде «Smart city» жобасы жанданып келеді. Аймақтың дамуында маңызды рөл атқаратын бастамаға қатысты мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров қалаларды цифрландыру, қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды барлық аудан, қала орталықтарында жүзеге асыру керектігін айтты. Сондай ақ, Түркістан қаласындағы жұмыстарды да күшейтуді тапсырды.