Түркістан
EN

Түркістанда 84 отбасына баспана кілті табыс етілді

20
08.07.2025

Түркістан облысында халықты баспанамен қамту бағытында нақты жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ, коммуналдық сала жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайту қолға алынуда. Аталған жобалар бойынша Түркістанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 84 пәтер кілті табысталып, 21 жаңа техника пайдалануға берілді. Сонымен қатар, еңбек адамдары арнайы төсбелгімен марапатталып, құрметке бөленді. Қалада өткен салтанатты шараға өңір басшысы Нұралхан Көшеров арнайы қатысты.