«Әскери керней» атты XI әскери-музыкалық фестивалі өтеді

19
04.07.2025 19:40

Астана күніне орай елордада дәстүрлі «Әскери керней» атты XI әскери-музыкалық фестивалі өтеді. Мақсаты-әскери-музыкалық өнерді насихаттау, әскер мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайту және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Мерекелік жиынға Ұлттық ұлан сарбаздары музыкалық тарту әзірлеуде. Үлгілі-көрсетімді оркестр елорда тұрғындары мен қонақтарын ерекше күйге бөлейміз деп отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері Ұлттық ұлан оркестрлері ел аумағындағы 5000-нан аса алаңда өнер көрсеткен.