Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Еліміздің ұстанымы мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету тұрғысында болуы керектігін жеткізді. Сондай-ақ, күрделі мәселені міндетті түрде бейбіт жолмен шешуге шақырды. Украина мен Ресей арасындағы даулы мәселеде арағайын болуға дайын екенін айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, Минск келісімдері қағаз жүзінде қалып, бұл Украина мен Ресей арасында қақтығыстың туындауына әкелген.