Түркістан
EN

Экс вице-министрлер тергелуде

74
03.07.2025

Алматыда екі экс-вице-министр мен «Бірінші кредиттік бюро» директоры ірі көлемде пара алу және беру дерегі бойынша тергелуде. Олар 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі параны алыс-беріс кезінде ұсталды. Айта кетейік, Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі, ал Дәулет Арғандыков Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары мен 4,5 млн теңге тәркіленді.  Сот санкциясымен үшеуі 2 ай мерзімге қамауға алынды.