Түркістан
EN

Woosong университетіне 100 грант бөлді

125
03.07.2025

 Түркістан облысының әкімдігі woosong university kazakhstan оқу ордасына 100 грант бөлді. Заманауи ІТ университет 2000-ға жуық студентке дейін қабылдап, 2 мамандық бойынша білім береді деп жоспарланған. Қабылдау комиссиясы Түркістан қаласындағы  «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде орналасқан. Қазірдің өзінде 300-ден аса талапкерден өтініш түскен. Олардың 160-қа жуығы еліміздің түкпір-түкпірінен болса, 1 үміткер Қарақалпақстан Республикасынан.