Түркістан
EN

Түркістанды инфрақұрылым және кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші артып келеді

71
03.07.2025

Түркістан халқын кәріз жүйесімен толық қамту мақсатында 13 нысан салынуда. Оның ішінде 7 нысанды жылдың соңына дейін аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған. Сондай-ақ шаһардың кәріз суы жиналатын имараты күрделі жөңдеуден өткізіліп жатыр. Аталған жобаға 400,7 млн, теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров нысанның жай күйімен танысып, жауаптыларға жұмысты сапалы орындауды тапсырды. Айта кетейік, Түркістан қаласын кәрізбен қамту көрсеткіші 2018 жылы 15 пайыз болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 36,5 пайызға жеткен.