Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Ұлттық домбыра күніне орай «Үкілі домбыра» байқауы өтті. «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастырған шараның мақсаты – «Елтану» жобасы аясында талантты домбырашыларды анықтап, облыстың мәдени имиджін арттыру. Сондай-ақ этнос өкілдеріне ұлттық өнерді насихаттау болды. Қалалар мен аудандардан келген өнерпаздар дәстүрлі ән, күй және терме орындаудан өзара бақ сынасты. Нәтижесінде «Дәстүрлі ән орындау» номинациясында 1 орынға саурандық Юлдуз Бектемирова, «Күй орындау» номинациясын сайрамдық Диёр Ахмедов жеңіп алса, терме орындаудан бас жүлдені сайрамдық Айна Нәбиева жеңіп алды.