Түркістан облысында туристік әлеуетті арттыруға бағытталған жаңа жобалар қаралды. Түлкібас ауданында Иірсу каньонына бақылау алаңы, Кентауда демалыс аймағы, теміржол вокзалдары жаңғыртылады. Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы мен абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр. Әкім Нұралхан Көшеров құрылыс сапасына және сәулет үлгісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Жобалар өңірдің туризмін дамытып, инфрақұрылымды жақсартпақ.