«Күй құдіреті» республикалық байқауы өтіп жатыр

13
01.07.2025 18:32

Түркістанда күй өнерін дәріптейтін республикалық «Күй» құдіреті» байқауы өтуде. Дәстүрлі өнерді ұлықтауға бағытталған байқауға еліміздің әр өңірінен келген 25 қатысушы бақ сынауда. Домбырашылар екі кезеңнен тұратын музыкалық сайыста Сүгір Әділұлы мен Төлеген Момбековтың таңдаулы күйлерін орындап, оркестр сүйемелдеуімен жеке өнер көрсететін болады. Байқау жеңімпаздарына жүлделі орындар мен арнайы жүлделер табысталмақ. Құттықтау сөз сөйлеген Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысушыларға шабыт, сәттілік тілеп, ыстық ықыласын жеткізді.