Діни экстремизм мен терроризм - әлем үшін қауіпті әрі өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы теріс ағымдарға,қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажеттігін атап өткен болатын. Осыған орай, Түркістанда облыстық терроризмге қарсы комисссияның ұйымдастыруымен «Терроризмге жол жоқ!» атты кең ауқымды акция өтті.