Бұдан былай қоғамдық орындарда бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай заңға қол қойды. Жаңа талапқа сәйкес, бет-жүзді толық жабатын киімді киюге тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат беріледі. Атап айтқанда:
• заң талабын орындау кезінде;
• қызметтік міндеттерді атқаруға байланысты;
• медициналық көрсеткіштер бойынша;
• қолайсыз ауа райынан қорғану үшін;
• азаматтық қорғаныс мақсатында;
• спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысу барысында.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы да никаб кию исламда парыз етілмегенін және ол елдің ұлттық салт-дәстүрлерімен үйлеспейтінін ресми түрде мәлімдеген болатын.