Қызметкердің еңбек құқығы қорғалды

10
30.06.2025 20:35

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы еңбек демалысын ала алмай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жүгінуге мәжбүр болған. Арыз негізінде, департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жұмыс берушінің әрекетінде еңбек заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтаған. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысы заңға сәйкес қайта рәсімделіп, толық берілуі қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жұмыс берушілерді қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтауға, ал қызметкерлерді өз құқықтарын білуге және қажет жағдайда тиісті органдарға жүгінуден қорықпауға шақырды.