Премьер-министр Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Көлік министрін ұжымға таныстырды. Таныстыру барысында Нұрлан Сауранбаевтың көлік саласындағы тәжірибесі атап өтілді.
Премьер-министр Мемлекет басшысының министрлік ұжымына қойған басым міндеттерді атап өтті. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде порттарды, логистикалық хабтарды, халықаралық авто және теміржол дәліздерін дамыту мәселелері бар. Сондай-ақ автожол саласын дамытуға, авиация саласында инфрақұрылымды жаңғырту, әуежайлар салу және қалпына келтіру, секілді алға қоюға тиіс бағыттарды атап өтті.