Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпықар Сансызбайұлы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен бірге өңірдегі сел және сырғыма қаупі бар аумақтарды тікұшақпен шолып өтті. ЕС-145 тікұшағымен жүргізілген әуебақылау барысында Сайрам-Су, Өгем, Балдыберек, Ақсу шатқалындағы 2500-ден 3500 метр биіктіктегі мұздақ көлдер мен мореналық аймақтар тексерілді. Мақсат – табиғи апаттардың алдын алып, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бақылау нәтижесінде тиісті ұсыныстар әзірленіп, жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімінің орынбасары бұл бағыттың туризм әлеуеті үшін де маңызды екенін атап өтті.