Түркістанда ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен аграрлық университет ашу жоспарлануда. Осыған орай, облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлар мен агросала мамандарымен кездесті. Жиында өңірдің аграрлық әлеуетін арттыру, ғылым мен өндірісті ұштастыру мәселелері талқыланды.