ҚР Энергетика вице-министрі Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

7
30.06.2025 16:41

ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тауарлық газ бағасының неге қымбаттап жатқаны түсіндірілді. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі тұтыну көлемі өндірістен асып кеткен. Ал «QazaqGaz» компаниясы газды өзіндік құнынан төмен бағада сатып, шығынға ұшырап отыр. Бағаны қайта қарау — газ жүйесін жаңғырту, жаңа желілер тарту және отандық өндіріске инвестиция тарту үшін қажет. Кездесуде тұрғындар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Министрлік мұндай кездесулерді барлық өңірде өткізуді жоспарлап отыр.