Түркістан облысының әкімі Арыс қаласына жұмыс сапарымен барды

23
27.06.2025 20:11

Арыс қаласында көгалдандыру, зиянкестермен күрес және тұқымбақтарды дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Бұл жиын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Семинарға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен басқарма басшылары, табиғат қорғау мекемелері мен көгалдандыру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ аудан-қала әкімдіктерінің тиісті сала мамандары қатысты.