Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қатаң сөгіс алды

24
27.06.2025 20:10

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы әдеп кодексі талаптарын сақтамаған. Қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткен комиссия төрағасына, бүгін әдеп кеңесі «қатаң сөгіс» берді. Әрі мұндай қателік өзге сала мамандарына да сабақ болу қажеттігін айтты. Кезекті жиында бұдан бөлек, Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды.  Оған мемлекеттік қызмет көрсету барысында тәртіп бұзбау, талаптарды түсіндіру бойынша жұмыстар жүктелді.