Қазақстандық 50-ден астам жүк көлігі Украина шекарасынан шыға алмай отыр. Транспорт құралын тізгіндегендер "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына орналасқан жерлері туралы нақты деректер жолдауда. Олардың көлігіне жүк тиелген. Сондықтан оны тастап, елден ұшақпен ұшып кете алмайды. Солардың бірі - Роман Бушуев. Ол 22 ақпаннан бастап Украинаның шығыс бөлігінде орналасқан Днепр қаласында жүк күтіп тұрғанын, салдарынан Украинадан шығып кете алмағанын айтады.