Түркістан облысы мен Қытай Халық республикасының Туризм қауымдастығы өңірдің туризмін дамыту үшін өзара серіктестік орнатуға ниетті. Бұл туралы аймақ басшысы Нұралхан Көшеров пен Қытай делегациясы арасында өткен ресми кездесуде айтылды. Басқосу барысында тараптар өңірдің туристік әлеуетін көтеріп, мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады. Оған қоса инвестициялық жобалар іске аспақ.