Түркістан облысы Төлеби ауданында сот ғимараты салынып жатыр. Осыған дейін үлкен ашық соттарды мәдениет үйінде өткізіп, ғимараттан таршылық көрген аудан жұрты бұл бастамаға дән риза. Оның алғашқы капсула салу рәсіміне Түркістан облыстық сотының төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары арнайы қатысты.