Түркістан
EN

Қорғастағы жүк әуежайын немістің Skyhansa компаниясы салады

53
26.06.2025

Жетісу облысында халықаралық жүк және жолаушылар әуежайы салынбақ. Бұл жобаны Үкімет, Президент тапсырмасы бойынша неміс инвесторларымен бірлесіп жүзеге асыруға ниетті. Бүгін Премьер-министр, «Skyhansa» компаниясының негізін қалаушы, доктор Кристин Грётцбахпен кезесіп, құрылысқа қатысты мәселелерді талқылады. Үкімет басшысының айтуынша,  аталған жоба инфрақұрылымды дамытуға серпін береді және Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтады. Кездесу соңында Көлік министрлігі мен «Skyhansa» арасында Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес инвесторлар авиациялық нысанның құрылысын жүргізіп, отандық материалдар мен қызметтерді пайдалануға тиіс. Сондай-ақ қызметкерлердің кемінде 90%-і Қазақстан азаматы болуы міндетті.