Елімізде техникалық және кәсіптік білім беретін колледждерге құжат қабылдау басталды. Биыл 150 мың талапкерге мемлекеттік грант бөлінбек. Білім беру тапсырысы негізінен геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік сынды техникалық мамандықтарға артқан. Құжаттар egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып тапсырылады. Қабылдау кезінде квоталар қарастырылған.