Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі аз болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы айтты. Оның сөзінше, жыл басында өнім көлемін 1 жарым трлн теңгеге жеткізу жоспарланған болатын. Қазір 5 айдың қортыныдысы бойынша 194 млрд теңгеге жетіп отыр. Биыл жауын-шашынның аз болуына байланысты жоспар орындалмай қалуы ғажап емес. «АМАНАТ» партиясы фракциясының отырысында басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, мәслихат депутаттары өңірдегі өзге де өзекті мәселелерді талқылады. Оның ішінде мектеп проблемасы да бар.