Түркістан
EN

Жылыжай орталығына айналмақ

27
26.06.2025

Түркістан облысында жаңа заманауи жылыжай кешені салынып, ол аграрлық өндіріс, ғылым, білім және туризмді біріктіретін ірі агробазаға айналмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай компаниясы өкілдерінің кездесуінде айтылды. Жоба аясында автоматтандырылған жылыжай кешендері, көкөніс өсіру алаңдары, жергілікті оқу орындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Қазірдің өзінде Түркістан облысы – елдегі жылыжай өндірісінің көшбасшысы. Мұнда 1 289 жылыжай бар, былтыр 83 мың тоннадан астам көкөніс өндірілген. Жаңа жоба өңірдің экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.