Түркістан
EN

61 мың азаматтың мәселесі шешілген

97
25.06.2025

Жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша  109 колл орталығына 62 мыңнан астам азамат өтініш қалдырған. Оның  61 мыңы дер кезінде шешімін тауыпты. Айталық, шардаралық мүмкіндігі шектеулі азамат пәтеріндегі көтерме сатыда пандустың болмауына қатысты 109 нөміріне жүгінген. Ал, орталық мамандары мәселені шешуге дереу кірісіпті. Осылайша, өтініш білдірушінің  үйіне Шардара ауданының әкімі Арман Романұлының бастамасымен пандус қойылды. Жалпы, жыл басынан бері 109 колл орталығы шардаралық 1135 тұрғынға көмек беріп үлгерген.