Түркістан
EN

Түркістан облысында жайылым тапшылығы өзекті мәселе

133
25.06.2025

 Түркістан облысында жайылым жер әлі де тапшы. Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев аймақтағы шаруалардың мәселесін көтерді. Былтыр өңірде 71 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылған. Дегенмен жайлым тапшылығы шешілмеген күйінде қалып отыр. Облыстағы жайылымның жалпы көлемі 8,8 млн гектардан асады. Бірақ, олардың көбі өзге мақсатта пайдаланылады. Мәселені шешу мақсатында халық қалаулысы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге өз ұсынысын жеткізді.