Тау баурайында орналасқан Төлеби ауданына келуші туристтер өзен жағалауларын күл-қоқысқа толтырып, табиғатты ластап кетеді. Сондықтан өңірде қоқысты белгіленбеген жерге тастап, экологиялық тәртіп бұзғандарға айыппұл салынып жатыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ауданға іссапармен барып, тазалық жұмыстарын бақылады.