Түркістан
EN

Доллар бағасы 500 теңгеге жуықтады

186
01.03.2022

Теңгеге шаққандағы доллар бағамы тағы өсті. Доллардың ресми бағамы 495 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының KASE деректері хабарлады. Үш күннің ішінде АҚШ көкқағазы 30 теңгеге жуық қымбаттап отыр. Ал Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская сауда-саттықта ешқандай дүрлігу байқалмағанын айтты. Ал Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов валюта бағамы тұрақтайды деп болжам жасады. Бірақ қашан екені белгісіз.