Түркістан
EN

Экологиялық мәдениет қоғамының күнделікті өмір салтына айналуы қажет

161
25.06.2025

  Экологиялық мәдениет қоғамының күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті. Сондай-ақ Үкімет басшысы мәдениет және ақпарат министрлігіне экологиялық және рухани мәдениетті тәрбиелеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Жалпы жыл басынан бері республика көлемінде 573 экологиялық іс-шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде, 189 мың тонна қоқыс жиналып, 735 мың гектар аумақ тазартылған. Сонымен қатар, 2 миллионнан астам ағаш отырғызылып, акцияларға 2 млн-нан астам адам қатысқан. Үкімет отырысында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспар пысықталды.