Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Шараға шетелдік компаниялар мен ірі қаржы ұйымдарының басшылары қатысты. Жиында инвестициялық ынтымақтастықтың болашағы және нақты жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Гидрометаллургия комбинатын салу жобасы аясында Solidcore Resources plc компаниясы бірнеше бірлескен жобаны жүзеге асырмақ. Агроөнеркәсіптік сала бойынша да Marubeni корпорациясы энергетика, авиация, және т.б салалардағы ынтымақтастықты жолға қоюға уағдаласты. Авиация саласындағы Қазақстанның сенімді серігі TAV компаниясы да әуежай маңын жөндеу мен инфрақұрылымға 362 миллион доллар көлемінде инвестиция салуға әзір.