Түркістан облысында егістік көлемі артты, алайда ағын су тапшы болуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Түркістандағы вегетациялық кезең барысы мен ағын су тапшылығын шешу шараларына арналған брифингте айтты. Мәселен биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектар жерге егілсе, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға ұлғайған. Қала берді, биыл жауын-шашынның аз болуы да су тапшылығына сеп болуы мүмкін. Облысқа қажетті 4,8 млрд текше метр судың орнына 3,4 млрд текше метр ғана жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта Бөген су қоймасында 162,2 млн м³ су жиналған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 115,2 млн м³-қа аз. Бірақ Президент тапсырмасына сәйкес «Бәйдібек ата» мен «Боралдай» су қоймалары іске қосылмақ.