Түркістан
EN

56 мың адам жұмыспен қамтылды

70
24.06.2025

Түркістан облысында жыл басынан бері 56 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. Биыл өңірде 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашу жоспарланған. Соның ішінде 66 мың адамды жұмыспен қамту бірінші жартыжылдықтың жоспарына енген. Бүгінде бұл көрсеткіштің 85 пайызы орындалған. Оның 22 380  тұрақты, 33 619 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылған.